Полиция департаменті: Жол қозғалысының қауіпсіздігі басты назарда

Полиция департаменті: Жол қозғалысының қауіпсіздігі басты назарда

2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының фактісі азайды. Жол қозғалысын қадағалау кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар жасағаны үшін 154 799 жүргізуші анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін - 903, қарсы бағытқа шыққаны үшін - 402, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін – 61456, жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін - 7512. Облыстың патрульдік полицияның жеке құрамын орналастыру республикалық, облыстық, жергілікті маңызы бар автожолдардағы, сондай-ақ елді мекендердегі қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып жүргізіледі. Атырау облысының аумағындағы автокөлік жолдарының ұзындығы 6161 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңыздағы жолдар 1120 шақырым және жергілікті маңыздағы жолдар 878 шақырым. Есепті мерзімде республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар 1370 км автомобиль жолдары және темір жол өтпесі тексерілді.