4 желтоқсан күні облыстағы ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың құқықтық қорғалуы, олардың қауіпсіздігі туралы онлайн-жиын өтті.
ZOOM платформасы арқылы өткен жиын спикерлері ретінде Атырау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Орынгүл Кушкалиева мен № 19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназияның ата-аналар комитетінің төрағасы Айбек Файзуллин қатысты.
Басты мәселе оқушылардың себепсіз сабаққа қатыспауына жол бермеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы, ата-аналар бірлесіп жұмыс атқару.
Айта кетейік, 2020 жылдың 11 айында Атырау облысында жасөспірімдермен 63 қылмыс жасалынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда -8,6%-ға төмендеген.
Сондай-ақ, оларға қарсы жасалынған қылмыс саны - 59-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда -10%-ға азайған. 2020 жылдың 11 айында ІІО-ның есебіне барлығы 132 жасөспірім есепке алынған.
Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде «Жайсыз отбасы» санатымен жалпы саны 352 бала тәрбиеленетін 173 қолайсыз отбасы тұр.