28 қараша күні адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелерінің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерлан Есполаев пен басқарма бастығының бөлім бастығы полиция подполковнигі Руслан Байтенов қатысты.
Отырыста адам саудасының алдын алу, оған жол бермеу, осындай қылмыстарды ерте анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған тиімді шараларды қабылдау мәселелері қаралды. Қатысушылар салааралық өзара іс-қимылды күшейту, ақпарат алмасу механизмдерін жетілдіру, тәуекел топтарымен профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.