ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Атырау облысының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан басқа да азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы» 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №754 қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 1 қарашасына дейін қолдану мерзімдері аяқталған кіруге және шығуға рұқсаттар (визалар), Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар, еңбек иммигранттарына берілген рұқсаттар Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылдың 1 қарашасына дейін жарамды деп танылады. Сонымен қатар мемлекетте болу мерзімі аяқталған немесе 2020 жылдың 16 наурызынан 1 қарашаға дейінгі кезеңде аяқталатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты әкімшілік жаза қолданылмайтынын ескертеміз.
Көші-қон қызметі басқармасы