«Атырау облысы Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі ( Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 55, 4-қабат, № 409 кабинет, анықтама үшін телефондар:8 (7122) 98-20-62, 24-44) ІІО қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды.
1.Атырау қаласы полиция басқармасы Көші-қон қызмет бөлімінің бастығы (C-SVR-4 санаты бойынша, 1 бірлік) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 149 540 теңгеден бастап 201 569 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Көші-қон қызметі бөлімі (бұдан әрі - КҚҚБ) жалпы басшылықты жүзеге асырады. Белгіленген талаптарға сәйкес КҚҚБ-ның жұмысын жоспарлайды, жұмыстағы басымдықтарды, жоғары органдар қойған міндеттерді іске асырудың нысандары мен әдістерін айқындайды. КҚҚБ-ның мүдделі ұйымдармен және мекемелермен, полицияның басқа да қызметтерімен жұмыс желісі бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Өз құзыретінде заңда белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Көші-қон қызметінің мәселелері бойынша қажетті ақпарат талдайды, жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Құзыреттілігі: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Біліміне қойылатын талаптар: мынадай мамандықтар бойынша жоғарғы білім: заңтану; халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету; шет ел тілі: екі шет ел тілі; халықаралық қатынастар; теология; түркітану; әлеуметтану; саясаттану; аймақтану; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; құқық және экономика негіздері.
Еңбек өтіліне қойылатын талаптар: ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, не болмаса құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, не болмаса құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес
Біліміне қойылатын талаптар:осы санат бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқару дағдылары.
Қосымша талаптар: жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.
2.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Құжаттарды қабылдау мерзімі 5 жұмыс күн, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі.