Объявление

Аумақтық полиция департаменттерінің бос лауазымдарына орналасу үшін қызметкерлер арасында ішкі конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАМА

 

 «Атырау облысы Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (006005, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 85, 4-қабат, № 404 кабинет, анықтама үшін телефондар:8 (7122) 98-21-73, 20-62, Zh.Koishybekov @mvd.gov.kz) ІІО қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды.

 

  1. Атырау қаласы полиция басқармасы Көші-қон қызмет бөлімінің бастықтары (C-SVR-4 санаты бойынша, 1 бірлік) Құрманғазы ауданы полиция бөлімі көші-қон қызмет бөлімшесінің бастығы (C-SVR-5 санаты бойынша, 1 бірлік) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94077 теңгеден бастап 148867 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Көші-қон қызметі бөлімі  (бұдан әрі - КҚҚБ) жалпы басшылықты жүзеге асырады. Белгіленген талаптарға сәйкес КҚҚБ-ның жұмысын жоспарлайды,  жұмыстағы басымдықтарды, жоғары органдар қойған міндеттерді іске асырудың нысандары мен әдістерін айқындайды. КҚҚБ-ның мүдделі ұйымдармен және мекемелермен, полицияның басқа да қызметтерімен жұмыс желісі бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Өз құзыретінде заңда белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Көші-қон қызметінің мәселелері бойынша қажетті ақпарат талдайды, жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Құзыреттілігі: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Біліміне қойылатын талаптар: мынадай мамандықтар бойынша жоғарғы білім: заңтану; халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету; шет ел тілі: екі шет ел тілі; халықаралық қатынастар; теология; түркітану; әлеуметтану; саясаттану; аймақтану; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; құқық және экономика негіздері.

            Еңбек өтіліне қойылатын талаптар:  ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, не болмаса құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, не болмаса құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес

Біліміне қойылатын талаптар:осы санат бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқару дағдылары.

Қосымша талаптар: жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

 

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 671 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен нақты жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);
  • басшы құрам қатарынан қызметкерлердің кепілдемелері (ерікті нысанда);
  • орындаушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы немесе Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 7, 8 - қосымшаларға сәйкес нысан бойынша басқарушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы ;
  • Жоғарыда көрсетілген қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы;
  • Қазақстан Республикасы ІІО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (ерікті нысанда).

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 5 жұмыс күн, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі.

 

 

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫ

 

 

 

Аумақтық полиция департаменттерінің бос лауазымдарына орналасу үшін қызметкерлер арасында ішкі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
21 сентября 2020