АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАДЫ

 

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 55, №408, №409 кабинеттер, анықтама телефондары 8 (7122) 98-24-44, 98-20-62.

 

Аға басшы құрам бойынша бос лауазым:

  • Атырау облысы Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы (1 бірлік);

 

Аға басшы құрам лауазымына үміткерлерге арналған  жалпы талаптар:

Жасы 35-тен аспаған, жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, журналистика), физикалық дайындалған, әскери қызметтен өткен немесе әскери қызметке жарамды (жоғары білімі болса әскери қызмет талап етілмейді).

          Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өту туралы сертификаты және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытындының болуы.

         Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салада кемінде алты жыл қызмет өтілінің болуы.

Негізгі қызметтік міндеттер: мемлекеттік тілді дамыту және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру, талдау және қорытындылау.

Құжаттарды қабылдау: Полиция департаментінің барлық қалалық, аудандық бөлімдерінде жүзеге асырылады.

Құжатты қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

 

 Атырау облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАДЫ
Дата публикации
18 июня 2024