Кеше, 14 тамыз күні сағат 19.30-шамасында "Ақ Жайық" газетінің тілшісі Айнұр Сапарова қаладағы «BI Group» кеңсесінің жанында жалғыз жүрген кішкентай қызды көреді. Жанында ересек адам жоқ, өзімен -өзі жүргенінен секем алған тілші дереу жанына барып, сөйлескенмен, жас шамасы 3-4-тердегі сәби былдырлаған тілімен жарытып ештеңе түсіндірме алмады.
Тілші Айнұр ұялы телефоны арқылы 102 операторына қоңырау шалып, мән-жайды хабарлайды. Шұғыл жеткен полицейлер жас баланың жалғыз жүргеніне көңіл аударып, полицияға хабарласқан Айнұрға ризашылықтарын білдірді. Сәбиді сенімді қолға тапсырып, көңілі жайланған Айнұр өз бағытына бет алды.
Ал, Полиция басқармасының Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция инспекторлары баланың ата-анасын, мекен жайын анықтап, Жарбосынов көшесіндегі үйіне алып келіп, ата-анасына тапсырды.