Тіркелмеген атыс қарумен жасалатын қылмыстың, қарумен жасалатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді сатып алу бойынша облыс аумағында 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ерекше өкімге дейін халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциясы өткізілуде. Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгіленіп отыр. - иір ойықты автоматтарға – 277800 теңгеге дейін, - иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге – 138900 теңгеге дейін, - иір ойықты пистолеттер мен тапаншалараға – 111120 теңгеге дейін, - тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 83340 теңгеге дейін, -жарақат салатын қаруларына – 27780 теңгеге дейін, -әр бір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 19446 теңгеге дейін, - жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 16668 теңгеге дейін, - иір ойықты қару патрондарының әр бірлігі үшін 79 теңге 37 тиынға дейін.Бұл заттарды аймақтық полиция бөлімдері қабылдайды. Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауы сұралады. Байланыс телефондар мен мекен-жайлары: Атырау ОПД-нің Әкімшілік полиция басқармасы (Әбілхайыр хан даңғылы 55) 98-23-23, 98-20-33, 98-23-15,98-23-14, Атырау облысы Полиция департаменті (Азаттық даңғылы 85) 98-21-55 Атырау қаласы Полиция басқармасы (Молдағұлов көшесі 247) 98-22-05, 102