4 маусым ертеңгілік патрульдік полиция экипажы қаладағы Тайманов көшесі бойында тоқтап тұрған мемлекеттік нөмірі шет елдік "DAF" жүк көлігін байқап, қасына барады. Германиядан Атырауга тауар алып келе жаткан Белоруссия елінің азаматы "GPS"-навигатор құралы өшіп қалғандықтан, бағытынан адасып тұрғаны екен. Жүргізушіден мән-жайды біліп, "Батыс" экипажы қызметкерлері полиция лейтенанты Нұршат Бекетов пен полиция аға лейтенанты Азамат Кенжеш қызметтік көліктерімен жүк көлігінің алдына түсіп, тиісті мекен-жайға дейін адаспай жетуіне көмектесті.