Қазақстан Республикасы ІІМ Атырау облысы Полиция департаменті орта және кіші басшы құрамдағы бос лауазымдарға тағайындау үшін конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы ІІМ Атырау облысы Полиция департаменті   (060000, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 85, 404, 406 - кабинет, анықтама телефондары 8 (7122) 98-21-09, 98-20-62 орта және кіші басшы құрамдағы бос лауазымдарға  тағайындау үшін конкурс жариялайды:

 

ПД патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы -  (4 бірлік);

Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы – (15 бірлік.);

Патрульдік полиция взводы (бөлімшесі, тобының) қызмет инспекторы – Жылыой ауданы полиция бөлімі – (5 бірлік), Индер ауданы полиция бөлімі –          (2 бірлік), Құрманғазы ауданы полиция бөлімі – (1 бірлік);

Жол және техникалық инспекциясы тобы – Атырау қаласы полиция басқармасы – (1 бірлік), Жылыой ауданы полиция бөлімі – (1 бірлік);

Кезекші – инспектор (бейнебақылау) Жылыой ауданы полиция бөлімі – (1 бірлік);

Әкімшілік практика бөлімшесі инспекторы – Атырау қаласы полиция басқармасы – (2 бірлік);

Жедел басқару орталығы «102» операторы – Атырау қаласы полиция басқармасы – (2 бірлік);

Криминалдық полиция бөлімі кіші жедел уәкілі – Атырау қаласы полиция басқармасы – (1 бірлік);

Жедел криминалистика бөлімшесі криминалисті – Атырау қаласы полиция басқармасы – (1 бірлік);

Әкімішілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орны полицейі – Жылыой ауданы полиция бөлімі – (1 бірлік);

Тылдық қамту тобы қару қоймасының меңгерушісі, әрі қару шебері – Махамбет ауданы полиция бөлімі – (1 бірлік);

Қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторының полицей-кезекшісі – Жылыой ауданы ПБ (1 бірлік), Құрманғазы ауданы ПБ – (1 бірлік), Исатай ауданы ПБ (1 бірлік) Айдауыл қызметі взводы (тобы) полицейі – Атырау облысы Полиция департаменті – (2 бірлік), Индер ауданы полиция бөлімі – (1 бірлік);

Ақпараттандыру және байланыс бөлімі инженері – Атырау қаласы полиция басқармасы – (1 бірлік);

Ғимарат күзету взводы полицейі – Атырау облысы Полиция департаменті – (2 бірлік);

Учаскелік полиция инспекторы, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі – Атырау қаласы полиция басқармасы –(1/1 бірлік), Мақат ауданы полиция бөлімі  - (4 бірлік), Қызылқоға ауданы полиция бөлімі – (1 бірлік);

Заңсыз көші-қонмен күрес дербес взводының кіші инспекторы - (2 бірлік);

 

Конкурсқа қатысатын үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жасы 35-тен аспаған, білімі - орта білімнен төмен болмауы және сәйкес арнайы білімі, әскери қызметтен өткен немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери техникалық мектебінің әскери-оқыту резервінен әскери даярлықтан өткен немесе әскери қызметке жарамды деп танылған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әскерге шақырудан кейінге қалдырылған; 

Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңын, «Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп Кодексін» білуі.

Негізгі  лауазымдық міндеттері: қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті қамтамасыз ету,  қылмыстың алдын-алу, ашу, тергеу, тылдық қамтамасыз ету, техникалық қолдау көрсету.

Конкурс  Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына орналасу кезінде тағылымдама мен конкурс өткізу ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына бақылаушылар  шақырылады.

Құжаттар қабылдау: Полиция департаментінің қала, аудандық бөліністере ұсынылсын.

Құжаттарды қабылдау уақыты: хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде. 

 

Атырау облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы

Хабарлану
Дата публикации
02 июня 2020