"Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 41-бабы мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылды: «5. Егер қызметкер арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдегерлік қызмет органдарындағы қызметтен, әскери қызметтен шығарылған немесе іссапарға жіберілген күннен бастап және оны құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, оның көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау қызметінің өтілі үздіксіз болып есептеледі.».
Заңның 84-бабы (өтпелі ережелер) мынадай мазмұндағы алтыншы бөлімімен толықтырылды: «осы Заңның 41 бабының 5-тармағы ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатыныстарға да қолданылады.».
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі құқығын айқындау үшін «12 жыл және 6 ай қызметтің үздіксіздігі» шарты зейнетақы заңнамасында 1998 жылдан бастап қарастырылатынын атап өтеміз.
Алайда, «құқық қорғау қызметі» түсінігі «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның қабылдануымен заңнамада енгізілді.
Осыған байланысты, қайта қабылданған «үздіксіз қызметі» түсінігі қолданылатын қатынастардың мерзімінің өтуі «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның қабылданған датасымен шектелетін болады.

 

.

"Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы
Дата публикации
10 марта 2020