Есірткіге ерте жастан тәуелді болудың алдын алу және есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында өткізілген іс-шаралардың қорытындысы

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сай, жаңа психобелсенді  синтетикалық есірткілерді, оның ішінде ғаламтор желісін және «Qiwi-әмияндарын» пайдалана отырып, іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні ғаламтор жүйесі арқылы Атырау облысы аумағында есірткі жарнамалайтын 38 сайты анықталып, ІІМ-мен бұғатталды. Полиция қызметкерлерімен және Волонтерлармен бірлесіп жүргізілген профилактикалық шаралар барысында 15 граффити есірткі заттарын жарнамалайтын жазбалар анықталып қала аумағында жойылды.

Есірткіге ерте жастан тәуелді болудың алдын алу және жасөспірімдер арасында есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында облыстық денсаулық және білім беру басқармаларымен бірлесіп, есепті мерзім ішінде облыс көлемінде есепті мерзім ішінде облыс көлемінде 193 әртүрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда, 120 – лекциялар, 7 – акция, 12 – дөңгелек үстел, 18 – семинар, 7 – конкурс, 16 – кездесу, 3 – спорттық шара және басқа шаралар – 10. Есірткіге қарсы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығында «Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ жұқпасын алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

         ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне байланысты Атырау облысы ПД ЕҚҚІҚБ-мен төмендегідей іс-шаралар атқарылды.

         Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Шанырақ отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілер арасында байқау жарияланды. 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Шаңырақ балалар үйімен бірлесіп, онлайн режимінде кездесу өткізілді. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтар арасында есірткіге қарсы иммунитетті көтеру. «ZOOM» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде өткізілген кездесуде «Нашақорлық – ауыр індет» тақырыбында баяндама, жасөспірімдерге есірткінің адам өміріне келтіретін зияны туралы әңгімелеп айтылды. Балалардың салған суреттері мен шығармалары алдын-ала электрондық пошта арқылы Полиция департаментіне жолданды. Балалардан 30-ға жуық шығармашылық туындылар келіп түсті. Жеңімпаздарға Департамент бастығының атынан Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар Шаңырақ отбасы үйіне жеткізілді. 

            Атырау облысы ПД ЕҚҚІҚБ, Жергілікті полиция қызметі және Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімімен бірлесіп, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрген азаматтарға бірнеше рет пайдалануға жарамды логотипі бар бетперделерді тарату акциясы өткізілді. Сонымен қатар, азаматтарға санитарлық карантиндік тәртіп нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы облыс аумағында есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы үнемі қадағаланып, қатаң бақылауда тұрғаны туралы қаперіңізге береміз.

 

Есірткіге ерте жастан тәуелді болудың алдын алу және жасөспірімдер арасында есірткі қылмыстарын болдырмау
Дата публикации
05 марта 2021