Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлама

Атырау облысының Полиция департаменті ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды. Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

Департамент бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат (№1 қосымша) береді. 

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2026 жылғы 28 қаңтардағы  №52 бұйрығы).

ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

- облыстық полиция департаментінің аппаратына – С-SVО-6 санатына дейінгі лауазымдар;

- қалалық полиция басқармасына және аудандық полиция бөлімдеріне - C-SVR-5 санатына дейінгі лауазымдар;

- саптық бөліністер үшін - C-SN-7***, C-SSP-5 санатына дейінгі лауазымдар;

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатырған қызметкерлер.

Сұрақтар туындаған жағдайда Атырау облысының полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады, каб. № 408, 409, анықтама телефондары 8 (7122) 98-20-62, 98-21-77, электрондық мекенжайлар gulim@mvd.gov.kz.

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Атырау облысының полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы

Дата публикации
03 июля 2026