GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Департамент туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
22 октября 2026
АСТАНА ТҰРҒЫНДАРЫ QR-КОД АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙ АЛАДЫ

Астанада қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және полицияның тұрғындармен өзара байланысын нығайту мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Кері байланысты тиімді қамтамасыз ету үшін QR-кодтар әзірленді. Олардың көмегімен тұрғындар тұрғын үй кешендері мен аула аумақтарындағы қауіпсіздікке қатысты ұсыныстарын жолдап, өзекті мәселелер туралы хабарлай алады.
Қазіргі уақытта QR-кодтар арқылы бірқатар өтініш келіп түсті. Олардың негізінде полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушылықтарды анықтады.
Мәселен, азаматтардың бірінің хабарламасы негізінде қоғамдық көлікте болған 52 жастағы ер адам анықталды. Ол автобуста насыбай қолданып, оны көлік салонына түкіріп, қоғамдық орынды ластаған. Аталған факті бойынша ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Тағы бір өтінішті тексеру барысында елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған 43 жастағы ер адам анықталды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар тұрғын үй кешенінің 8-ші және 9-қабаттары арасындағы ортақ пайдаланылатын балконда балық тазалап, ортақ аумақты ластаған 44 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жолданды.
Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысуға, QR-кодтар арқылы өтініш жолдауға және назар аударуды қажет ететін мәселелер туралы хабарлауға шақырады.
Тұрғындардың бейжай қарамауы мен полицияның бірлескен жұмысы құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және елордада баршаға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жергілікті полиция қызметі
22 октября 2026
Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Елордада қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғын үй секторында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, жатақханаларды, хостелдер мен қонақүйлерді тексеруде. Құқық бұзушылықтарды анықтауға, профилактикалық есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жерін тексеруге, сондай-ақ азаматтарға заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіруге ерекше назар аударылады.
Тексеру жұмыстарымен қатар, полиция профилактикалық ақпараттандырудың қосымша тәсілдерін де қолдануда. Атап айтқанда, дронның көмегімен қала тұрғындары мен қонақтарына аудиоақпарат тарату ұйымдастырылды. Азаматтарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық орындардағы мінез-құлық қағидаларын ұстану, сондай-ақ айналасындағылардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге жол бермеу қажеттігі ескертіледі.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдауға және күдік тудыратын жағдайлар туралы полицияға уақтылы хабарлауға шақырады.
Мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және елорда тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
21 октября 2026
Астанада пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Астана қаласы бойынша ҚАЖД Сарыарқа ауданының пробация қызметімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде қайталама қылмыстарға жол бермеуге, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Бұл бағыттағы жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алумен қатар, азаматтардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсетуге бағытталған. Есепте тұрған азаматтардың қоғамға қайта бейімделіп, толыққанды өмірге оралуына жағдай жасалуда. Атап айтқанда, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, волонтерлік қызметке және қоғамдық бастамаларға тарту шаралары жүзеге асырылуда.
Мұндай кездесулер азаматтардың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, әлеуметтік маңызы бар мақсаттарды айқындауға және құқық бұзушылықтарды қайталап жасау қаупін азайтуға көмектеседі.
Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар мүдделі мемлекеттік органдар мен қызметтердің өзара іс-қимылы арқылы жалғасуда.

Жергілікті полиция қызметі
21 октября 2026
Профилактикалық жұмыстар жалғасуда: елордада құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде

Астана қаласының полиция қызметкерлері заңмен тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін шегу және кальян тұтыну фактілерінің алдын алу мен оларды анықтау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Жыл басынан бері елордадағы қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындарында темекі шегу мен кальян тұтынуға қатысты 8 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды.
Полицейлер мұндай фактілердің жолын кесуге бағытталған тексерулер жүргізіп, азаматтар мен мекеме өкілдеріне заң талаптарын және оларды сақтамағаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіруде.
Полиция заңнамада белгіленген орындарда темекі шегуге тыйым салу талабы баршаға бірдей міндетті екенін еске салады. Заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
Заң талаптарын сақтау – айналадағы адамдарға құрмет көрсету, қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге қосылған үлес.

Жергілікті полиция қызметі
21 октября 2026
Астана полициясы ата-аналарды демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға шақырады

Елорда мектептерінде алғашқы оқу кезеңінің аяқталуына байланысты оқушылардың бір бөлігі үшін күзгі демалыс басталады. Бұл кезеңде кәмелетке толмағандардың бос уақыты көбейетіндіктен, ата-аналар мен заңды өкілдердің оларға деген назары мен бақылауын күшейтуі қажет.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі оқыс оқиғаларға жол бермеу мақсатында Астана полициясы ата-аналарды балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын бақылауға ерекше көңіл бөлуге шақырады.
Сондай-ақ заңнамада белгіленген кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде және ойын-сауық орындарында болуына қатысты шектеулердің сақталуына ерекше назар аудару қажет.
Бұдан бөлек, ата-аналарға балаларымен қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау және заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелерді тұрақты түрде жүргізу ұсынылады.
Кәмелетке толмағандарға жанжалдарға, құқыққа қайшы әрекеттерге және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін өзге де жағдайларға қатысуға болмайтынын түсіндіру маңызды.
Полиция кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Астана полициясы ата-аналар мен заңды өкілдерді қырағылық танытуға, балаларының бос уақытын бақылауға және олардың заң талаптарын бұза отырып, түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеуге шақырады.
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – ересектердің ортақ жауапкершілігі.

Жеке құраммен жұмыс
20 октября 2026
Күш, мінез және шеберлік: Астана полициясының полковнигі — Әлем кубогының жүлдегері

Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкері әлемнің 40 елінен 410 спортшы қатысқан халықаралық турнирдің жүлдегерлері қатарына енді.
16–18 қазан аралығында Түркияның Бурса қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогының финалдық кезеңі өтті. Беделді халықаралық турнирде Қазақстан атынан ұлттық құрама сапына енген спортшылар өнер көрсетті.
95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медальді Астана қаласы Полиция департаменті бастығының дене шынықтыру және спорт жөніндегі көмекшісі, полиция полковнигі Мұрат Есмағамбетов жеңіп алды. Ол жарысқа Ішкі істер министрлігінің «ARLAN» спорт клубының атынан қатысты.
Мұрат Есмағамбетов Қазақстан құрамасы сапындағы Ішкі істер министрлігінің жалғыз өкілі болды.
Әлем кубогының финалындағы қола медаль — табанды дайындықтың, қайсар мінездің және жоғары спорттық шеберліктің нәтижесі. Елорда полициясы қызметкерінің жетістігі қызмет пен дене дайындығының, сондай-ақ спортта биік белестерді бағындыруға деген ұмтылыстың өзара үйлесетінін көрсетеді.
Астана қаласының Полиция департаменті Мұрат Есмағамбетовті лайықты жетістігімен құттықтап, оған жаңа жеңістер, зор денсаулық және спорт аренасында толағай табыстар тілейді!

Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
20 октября 2026
Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үйлер мен аулалардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз жағдайда өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, жатақханаларды, хостелдер мен қонақүйлерді кешенді тексеруден өткізуде. Сонымен қатар ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында ішкі істер органдарында есепте тұрған 3 600-ден астам азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді. Көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегі анықталып, қаруды сақтау қағидаларын бұзудың 28 фактісі тіркелді. Сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жері жоқ 190-нан астам адам ұсталды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдауға және күдік тудыратын жағдайлар туралы полицияға уақтылы хабарлауға шақырады.
Мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қорғалу деңгейін арттыруға және елорда тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Криминалдық полиция
19 октября 2026
Астанада Түркия, Вьетнам мемлекеттеріне виза алып беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды

Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Түркия, Вьетнам мемлекеттеріне виза алып беремін деп бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған 33 жастағы әйел адамды ұстады.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматтарды оңай жолмен шетелге шығуға виза алып беремін деп сендіріп, 6 эпизод бойынша алаяқтық әрекетке барған. Ол уәде етілген қызметі үшін түрлі сомада ақша алып, кейіннен байланысқа шықпай қойған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген шығын сомасы шамамен 15 млн тг құрады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті азаматтарды шетелге шығуға көмектесемін дейтін жеке тұлғаларға сене бермеуге, виза алу қызметін ұсынатын компанияның лицензиясы мен заңды қызметін міндетті түрде тексеру қажет, сондай-ақ келісімшартпен мұқият танысып, оның талаптарын толық түсінбейінше ақша аудармаған жөн, күмән туындаған жағдайда бірден 102 хабарласуға шақырады.

Криминалдық полиция
19 октября 2026
Елордада пәтерді арзанға алып беремін деген алаяқ ұсталды

Астана қаласы Полиция департаментінің Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адамды анықтап, ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушімен таныстық қарым-қатынасты пайдаланып, өзін банк саласында жұмыс істейтін маман ретінде таныстырғаны. Ол қаладағы банктердің бірі арқылы өткізілетін аукционнан нарықтық бағадан әлдеқайда төмен құнға пәтер алып беруге көмектесетінін айтып, жәбірленушінің сеніміне кірген.
Күдікті өз уәдесін растау мақсатында түрлі сылтаулар келтіріп, рәсімдеу жұмыстары мен аукционға қатысуға қажетті төлемдер қажет екенін жеткізген. Нәтижесінде жәбірленуші оның есепшотына жалпы сомасы 5 млн теңге ақша қаражатын аударған.
Алайда уәде етілген пәтер берілмей, күдікті алған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас 2 эпизоды бар екені анықталды.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасау кезінде сақ болуға кеңес береді. Пәтерлерді төмен бағамен алып беру, жеңілдетілген бағдарламаларға қатыстыру немесе аукцион арқылы тұрғын үй рәсімдеу жөніндегі ұсыныстарды міндетті түрде ресми дереккөздер арқылы тексеріп, ірі көлемдегі ақша қаражатын бөгде адамдардың шоттарына аудармауды ескертеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
16 октября 2026
Депутаттар, құқық қорғаушылар мен полиция жастар арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу үшін күш біріктірді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сәулет-құрылыс факультетінің 1–2 курс студенттерімен профилактикалық кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы есірткі тұтынудың салдары мен есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері болды.
Студенттер алдында «Халық Кеңесінің» мүшесі Мұрат Әбенов, белгілі құқық қорғаушы Белгібай Сахариев, Астана қаласы Полиция департаменті жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі Мирзада Сейтқали, сондай-ақ елордалық полиция қызметкерлері сөз сөйледі.
Кездесуге қатысушылар құқыққа қайшы әрекеттердің заңдық салдары, есірткі құралдарын тұтынуға байланысты қауіп-қатерлер және жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың қауіптілігі туралы айтты. Жеке жауапкершіліктің, саналы таңдау жасаудың және оңай табыс табуға уәде беретін күмәнді ұсыныстарды қоса алғанда, күдік тудыратын ұсыныстарды ажырата білудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, өзекті мәселелерді ашық талқылауға, студенттерді ойланбай әрекет етуден сақтандыруға және құқыққа қайшы мінез-құлықтың салдарын еске салуға мүмкіндік береді.
Полицияның, депутаттардың, құқық қорғаушылар мен қоғам өкілдерінің күш біріктіруі есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Бірлескен жұмыс жас ұрпаққа басты қағиданы жеткізуге мүмкіндік береді: болашақтың қауіпсіздігі жауапты шешімдерге, заңды құрметтеуге және өз өміріне саналы түрде қарауға байланысты.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және елорда жастары арасында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыс аясында ұйымдастырылды.

Социальные сети
Facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы