Елорда полицейлері велосипедшілерге, мопед пен электрлі самокат жүргізушілеріне жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеді

Елорда полицейлері велосипедшілерге, мопед пен электрлі самокат жүргізушілеріне жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеді

Мопедтер, электрлі самокаттар және велосипедшілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік жарақатын төмендету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті аталған құралдарды басқару кезінде шлем, тізеқап және шынтаққаптарды пайдалану, сондай-ақ мопедтерге, электрлі самокаттарға және велосипедтерге алдыңғы және артқы жағында шамдары бар катафоттар және басқа да жарық шағылыстыратын белгілер (жапсырма, лента және т.б.), дыбысты сигнал орнату қажет екендігін ескертеді.
Осылайша, жылдың басынан велосипедшілердің қатысуымен 22 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 21-і әртүрлі дене жарақатын алған, 1 адам қайтыс болған.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті велосипедшілерге, мопед және самокат жүргізушілеріне жолдарда мұқият болуын өтінеді, сондай-ақ олар жүргізші болып табылатынын, сонымен қатар олар Жол жүрісі қағидасын білуге және сақтауға міндетті екенін ескертеді.