
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және велосипед жолында Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауды бақылау мақсатында, Нұр-Сұлтан қ. Патрульдік полиция полкінің полиция қызметкерлері бұл бағытта күнделікті патрульдер жүргізеді. Тәртіп сақшылары велосипедшілермен түсіндірме әңгіме жүргізеді, өйткені олар толыққанды жолды пайдаланушылар. Сонымен қатар, полиция иелеріне екі доңғалақты көлік құралын қысқа уақыт болса да қараусыз қалдырмауын ескертеді.