
Полиция департаментінде Полиция қызметкерлерімен қатар 100-ден астам мемлекеттік қызметші қызмет етеді.
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің тікелей міндеттерін атқарумен қатар барлығына үлгі бола білуі тиіс. Жұмыста, отбасында қарым-қатынаста адамдармен және айналасындағылармен ортақ тіл табыса білуі қажет. Бұл өз ісіне берілген, жаңа көзқарасты мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар. Осы қабілеттердің барлығы бір өзінің бойынан табылатын қызметкер деп Полиция департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Жанна Сапиеваны айтуға болады. «2020 жылы менің Полиция департаментінде еңбек еткеніме 20 жыл болады. 2000 жылы жалпы білім беретін мектепті бітіргеннен кейін мен «Сарыарқа» ауданының Полиция басқармасына іс жүргізуші болып жұмыс істуге келдім. Содан бері полицияда қызмет ете отырып экономика-заң колледжін және «Тұран» университетін тәмамдадым. 2006 жылы Полиция департаментіне мемлекеттік қызметші болып жұмысқа орналастым» - дейді Жанна.
Ішкі әскер басқармасында әскери қызметші болып қызмет атқаратын өзінің болашақ жары Рустамды кездестіріп, 2007 жылы тұрмысқа шығады. Бақытты отбасында екі қыз және жақын арада екі жасқа толатын Шыңғыс есімді ер бала тәриеленуде.