Елорда тұрғындары қылмыстарды жедел ашқаны үшін елордалық полицейлерге алғыс білдіреді

Елорда тұрғындары қылмыстарды жедел ашқаны үшін елордалық полицейлерге алғыс білдіреді

Елордалық полиция департаментіне қала тұрғындарынан көптеген алғыс сөздер келіп түседі. Азаматтар полиция қызметкерлеріне түрлі мәселелер бойынша жедел әрекет еткені үшін алғыс білдіреді.
Мәселен, қала тұрғыны "Сарыарқа" ПБ аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдеріне кәсібилігі үшін алғысын білдірді. Полиция қызметкерлері "ізін суытпай" велосипед ұрлығын ашып, қаскүнемді анықтап, екі дөңгелекті көлікті заңды иелеріне қайтарды.
Қаланың тағы бір тұрғыны жедел қызметкерлерге гараж кооперативінде жасалған бірнеше ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтағаны үшін алғыс білдіреді.
"Мен кооператив аумағында мүлік ұрланғанын білгенде, бірден полицияға жүгіндім. "Сарыарқа" ПБ аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері полиция капитаны Руслан Байбориев пен полиция лейтенанты Бауыржан Исергепов жедел әрекет етті. Олар тез арада қаскүнемді тауып, біздің мүлкімізді қайтарып берді. Мен оларға атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын!",- деп атап өтті ер адам.
Азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың көп арналы процесі полицияны халыққа жақынырақ және қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Конституциялық құқықтарды қорғау, азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қою, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету әрбір полицейдің қызметтік борышы болып табылады.
Полиция қызметкерлері өз кезегінде қала тұрғындарына өз мүлкіне мұқият болуды ескертеді.