Елордалық полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды анықтады

Елордалық полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды анықтады

Полицияға автокөліктің салонынан ұрлық жасалғаны туралы айтып автоорталықтың өкілі жүгінді.
Түскі уақытта елорда тұрғыны Сығанақ көшесіндегі "Toyota Есіл орталығына" өзінің "Toyota Hilux" көлігіне жаңа бөлшектер қарау үшін келгені анықталды.
Бейнебақылау камераларына ер адамның автосалонда болған кезде, өзінікіне ұқсас көлікке жақындап, көптеген жұмысшылардың түскі асқа кеткенін пайдаланып, салонға еркін кіріп, екі бас тірегін ұрлап әкеткен сәт түсіп қалған. Шығын 500 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Есіл" ауданының ПБ тәртіп сақшылары ұрлық жасады деген күдікпен Ақмола облысының 44 жастағы тұрғынын анықтады. Ол көліктің ұрланған бөліктерін өзінікіне "сәйкес келмегендіктен", ұрлағаннан кейін жолда лақтырып жібергенін мойындады.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті сақ болуды және автокөлік терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын ашық қалдырмауды, көлік құралдарын мамандандырылған автотұрақтарда, паркингтерде, жарықтандырылған жерлерде немесе кем дегенде бейнебақылау камераларының көріну аймағында қоюды ЕСКЕРТЕДІ.