Алаяқтардан сақ болыңыз: "көмекші" Астанада шетелдік автокөліктің иесін алдады

Алаяқтардан сақ болыңыз:  "көмекші" Астанада шетелдік автокөліктің иесін алдады

"Байқоңыр" ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Ресейлік есептегі автокөліктің иесі белгісіз бір ер адаммен танысқаны белгілі болды. Ол шетелдік көлікті заңдастыруға көмектесуге уәде берген. Бейтаныс адамға сеніп, астаналық оған 250 мың теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін "көмекші" белгісіз бағытта қашып кетті.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер алаяқтыққа қатысы бар 35 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтың алғашқы құрбаны емес екендігі анықталды. Сол сияқты, ол қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, тағы екі азаматты алдаған.
Аталғаг факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарыжүргізілуде. Елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, күмәнді мәмілелерден бас тартуға ЕСКЕРТЕДІ.