Полицейлер ұялы телефонды ұрлаған көлік жууға келушіні ұстады

Полицейлер ұялы телефонды ұрлаған көлік жууға келушіні ұстады

Автокөлік жуатын жерді жалға алушы полицияға жүгініп, жұмыс орнында оның "Hyawei" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Ер адамның айтуынша, ол телефонды ресепшннің жанындағы үстелге қалдырған. Біраз уақыттан кейін ол жоғалып кеткенін көрген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа 33 жастағы келушінің қатысы бары анықталды. Қараусыз қалған ұялы телефонды байқаған ол бөтеннің мүлкін алып, қашып кеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ұсталған адамның қала аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Ұрлыққа қатысы бар адам кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды.
Астана қаласының Полиция департаменті автокөлік иелеріне сақ болуға және автокөліктің салонында құнды заттарды қалдырмауға кеңес береді. Автокөліктерді қызмет көрсету салаларынан алғаннан кейін, көлікте қалған заттардың бар-жоғын тексеріңіз.