Астанада су сүзгісін орнатушы клиенттен мобильді қосымша арқылы ақша ұрлап кетті

Астанада су сүзгісін орнатушы клиенттен мобильді қосымша арқылы ақша ұрлап кетті

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, су сүзгісін орнатушы келіп-кеткеннен кейін ақшасының жоғалғанын анықтағанын айтқан.
Шебер су сүзгісін ауыстыру туралы тапсырыс алып, клиенттің пәтеріне келгені анықталды. Ол пәтерде болған кезде әйелдің телефонды пайдаланып жатып құлпын ашқанын байқаған. Кіру кодын есте сақтай отырып, жігіт клиенттің бөлмеден шыққанын пайдаланып, ұялы телефонды ұрлаған. Кейінірек ол банктің мобильді қосымшасынан 3 млн.394 мың теңге көлемінде ақша аударымын жасаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Сарыарқа" ауданының полиция қызметкерлері бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қаланың 22 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт ұрлық жасағанын мойындады және оған қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас үш ұрлыққа қатысы бары анықталды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.