Елордалық полицейлер тонау жасады деген күдікпен ер адамның жеке басын анықтады

Елордалық полицейлер тонау жасады деген күдікпен ер адамның жеке басын анықтады

Елорда тұрғыны полицияға белгісіз біреудің ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарласты.
Өтініш берушінің айтуынша, кешкі уақытта туыстарын ескі темір жол вокзалына шығарып салып, такси ұстау үшін Біржан сал көшесімен жүріп келе жатқан. Жолда қарама қарсы оған орта жастағы ер адам кездеседі. Қиылысқа жеткенде, бейтаныс адам кенеттен жәбірленушінің қалтасынан "VIVO" маркалы ұялы телефонын ашық түрде ұрлап, басқа жаққа қарай жүгіріп қашып кеткен. Тонаушыны қуып жету әрекеттері сәтсіз аяқталған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ПД "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 28 жастағы тұрғынын анықтады.
Полицияға жеткізілген ер адам мойындау көрсетпелерін берді, телефонды бейтаныс адамға сатқанын айтты. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Тонау фактісі бойынша ҚР ҚК 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті құқыққа қайшы әрекеттер болған жағдайда полицияға "102" арнасы немесе мобильді қосымша арқылы дереу хабарлау қажет екенін хабарлайды.