Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері көліктен жанармай багын ұрлаған күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері көліктен жанармай багын ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның «ВАЗ» маркалы автокөлігінен жанармай багын ұрлап кеткенін айтқан.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» аудандық ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 33 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында қаскүнем түнгі уақытта сағат 03.00 шамасында «Daewoo Nexia» автокөлігімен «ВАЗ» көлігіне жақындап келіп, жанармай багын бұрап алғаны анықталды. Күдікті бірнеше күн бойы Әл-Фараби даңғылының бойындағы жол жиегінде тұрған иесіз көлікті бақылап жүрген. Ер адам ұрланған жанармай багын бір уақыттан бері көздеп жүрген.
Аталған факті бойынша «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, аз уақыт болса да көліктердің терезелері мен есіктерін жауып жүруді, көлікті дабыл жүйесімен жабдықтауды ескертеді.
Егер сіз осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.