
Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, Сәтпаев көшесіндегі «Демалыс» моншасында белгісіз біреу «Ксиоми Т10 Pro» және «Редми ноут 10» маркалы ұялы телефондарын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығынның жалпы құны 500 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 18 жастағы жігітті ұстады. Тергеу барысында күдіктінің жанында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, кілттерімен келушілердің заттары сақталған киім ауыстыратын бөлмеге қарай бет алғандығы анықталды. Содан ол еркін қол жеткізу арқылы ұяшықтардың бірінен екі ұялы телефонды ұрлап алып бөлмеден шығып кеткен.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.