
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құрылыс құралдарын ұрлаған екі күдіктіні ұстады. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан пәтерінен шарқайрақ, бұрағыш және тескіш (перфоратор) құралдары ұрланғанын айтып арызданған.
Тергеу барысында 38 және 47 жастағы екі күдікті жалдамалы жұмысшы болып, пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Қаскүнемдер үй йесінің сенімді қарым-қатынасын пайдаланып, олар болмаған кезде құралдарды ұрлап кеткен.
Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәсін мойындады, ұсталғандардың елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге ЕСКЕРТЕДІ.