
2022 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 800 заңды өкілді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін ата-аналар ғана емес, мекемелердің иелері де жауапкершілікке тартылады.
Мәселен, ағымдағы жылы ойын-сауық мекемелерінің 40 әкімшісі мен меншік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 10-нан 15 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.
Демалыс күндері ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында түнде үйден тыс жерде жүрген 50 кәмелетке толмаған баланы анықтады. Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша ескерту жасай отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.
Айта кету керек, заңды өкілдеріне баланың түнде үйден тыс жерде бір рет болған фактісіне ғана ескерту жасалады. Осындай фактілерді жыл ішінде қайталауға жол берген жағдайда, материал ҚР ӘҚБК 442-бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тарту үшін Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберіліп ескерту жасалады, ол үшін 7 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
Полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін, ал заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін болуына тыйым салынғанын еске салады.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кешкі уақыттарда балалардың үйден тыс жерлерде жүруін болдырмауды және балаларды бақылауды ескертеді. Сондай-ақ жасөспірімдер кешке үйге оралғанда қарсы алып, көшеге шығарында оларға көп мөлшерде ақша бермеуді ұсынады. Егер баланың нақты қайда жүрген жері сізге белгісіз болса және бала телефон қоңырауларына жауап бермесе, дереу полицияға хабарласыңыз.