Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Полицияға қала тұрғыны автокөліктен жасалған ұрлық фактісі бойынша арызданған. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 21 жастағы күдіктіні ұстады.
Тергеу барысында анықталғанындай, қаскүнем тұрақта тұрған «Мазда» маркалы автокөліктің артқы орындығынан рюкзак сөмкені байқаған. Содан күдікті көліктің есіктерін тексеріп көріп кілттелмегеніне көз жеткізіп сөмкені иемденіп кеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізіліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға өте мұқият және сақ болуды, көліктен кетіп бара жатқанда есік терезелерін жауып, көлікте ұрылардың назарын аударатын бағалы заттарды қалдырмауға шақырады. Сондай-ақ көлік құралдарын дабыл жүйесімен жабдықтау қажет.