
Елордада 24-30 қаңтар аралығында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Полиция қызметкерлері халық арасында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша кең ауқымды іс-шаралар өткізеді, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексереді. Сондай-ақ, полицейлер азаматтарға құқық бұзушылық үшін қандай жаза қолданылатынын түсіндіреді.
Өздеріне қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.
Аталған рейдтік іс-шаралар барысында ІІО-да есепте тұрған 1320 адам, қорғау нұсқамалары бар 466 адам, сот арқылы мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған 169 адам тексерілді.
Елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында әрбір учаскені барынша пысықтап жұмыс жүргізуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті егер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық фактілері болса, полицияға немесе «102» мобильді қосымшасына қоңырау шалу қажет екенін хабарлайды.