
Криминалдық полиция қызметкерлері жатақханадан ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады.
Күдікті Бейбітшілік көшесінде орналасқан жатақханаға әдейі ұрлық жасау мақсатында кіріп есігі кілттелмеген бөлмелерді іздеген. Осылайша дәлізбен өтіп бара жатып есіктің тұтқаларын тексеріп жүріп қаскүнем ашық тұрған бір бөлмені байқайды. Содан бөлмеге емін еркін кіріп ұйқыда жатқан бөлме иесінің «Самсунг» маркалы ұялы телефонын үстелден ұрлап кетеді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 36 жастағы ер адамды анықтады. Жауап алу барысында аталған күдікті ұялы телефонды күндізгі уақытта ұрлағанын және бірден ломбардқа өткізіп жібергенін айтты. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтан түсініктемесі алынып, заттай айғақ тәркіленді. Күдіктіні ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды, елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
Тәртіп сақшылары сақ болуды, үйдің есігін тіпті қысқа уақытқа да ашық қалдырмауды кеңес береді. Бөлмеден немесе пәтерден шықпас бұрын, есіктер мен терезелерді жабуды ұмытпаңыз, желдету үшін есіктерді ашық қалдырған кезде есік тізбегін орнатыңыз.