
Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. 1991жылы туылған азаматтар өз қатарында қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бейнесі болып келуде.
Бүгінде 30 жастағы полиция офицерлері Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің түрлі бөлімшелерінде қызмет етуде. Тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер – олардың барлығы құқықтық тәртіпті сақтауда өз үлестерін қосуда.
Солардың бірі Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Алматы» ауданы ПБ тергеу бөлімінің бастығы полиция капитаны Асанәлі Мұқанов. 7 жылдан аса уақыттан бері ішкі істер органдарында қызмет атқаруда. Полиция капитаны 2012 жылы Семей қаласындағы ҚГЗУ-нің құқықтану мамандығын бітірген. ІІО-да полицей қызмет барысында қажетті болатын біліммен тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ жас қызметкерлермен өз тәжірибелерін бөлісіп үйреткен тәлімгерлердің еңбегін атап кеткен жөн.
Қызмет барысында Асанәлінің бойынан аналитикалық ойлау, эрудиция, өз пікірін дәлелдеу және қорғау, жедел шешім қабылдау секілді қабілеттер байқалды. Ол өз қызметі барысында ашқан ауыр қылмыстар да аз емес. Сонымен қатар полицей бірнеше рет грамота және басқа да наградалармен де марапатталған.
«Мен үшін өз елімнің тәуелсіздігімен құрдас болу тек абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік. Елдің санаулы жылдар ішінде әлемдік аренада өз мәртебесін қалай көтергенін және көптеген экономикалық және саяси биіктерге жеткенін мақтан тұтамын және таңданамын. Халықтың игілігі мен тыныштығы үшін ішкі істер органдарындағы қызметке өз үлесімді қосқым келеді».
«Азаматтармен дұрыс қарым-қатынаста болу керек, үнемі өсуге және біліктілігін арттыруға ұмтылып, адал болу керек», - деді Асанәлі.
Сонымен қатар, тергеуші Асанәлі Мұқанов спортшы, киокушинкай каратэден ҚР спорт шебері. 2-ші данның қара белбеу иегері, ҚР үш дүркін чемпионы, Барселона қаласында өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.
Біздің кейіпкеріміз отбасына да өте қамқор. Олар жолдасымен бірге екі бала тәрбиелеп өсіріп отыр.