
Жаңа оқу жылы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті "Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ-мен бірлесіп, Мәскеу көшесі бойында №51 балабақша ауданында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің орнына реттелетін бағдаршам объектісін жайластыру бойынша іс-шаралар өткізді.
Ағымдағы жылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер өткелі ауданында 22 учаскеде іс-шаралар іске асырылды, 12 учаскеде жаяу жүргіншілер бағдаршамдарын жайластыру жоспарлануда.
Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 53-27-74, 69-75-75, 71-69-77, whats upp 8-708-382-13-76 телефондары бойынша Нұр-Сұлтан қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады.