
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері ағымдағы жылғы 7-16 маусым аралығында елордада жедел-алдын алу шараларын жүргізуде. Қала аумағында полиция жасақтары күшейтілген, ҚР болу қағидаларын бұзуға жол берген шетел азаматтарын анықтау бойынша рейдтер жүргізуде.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары сот шешімін орындамаған, азаматтығы жоқ адамдарды және шетелдіктерді анықтайды және елден шығарады.
Алдын алу шарасын өткізу кезінде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. 27 жастағы Өзбекстан азаматының Санкт-Петербург қаласының аумағында тонау жасағаны үшін тергеуден жасырынғаны анықталды. Ресей ІІМ оған 2018 жылғы тамыздан бастап іздеу жариялаған.
Қазіргі уақытта шетел азаматының ҚР аумағында қылмыс жасауға қатысының бар-жоғы тексерілуде.
ЖАШ басталғаннан бері елордалық гарнизонның қызметкерлері ҚР болу қағидаларын бұзуға жол берген 534 шетел азаматын анықтады, 13 адамды елден шығарды. Заңнаманы бұзғандары үшін ТМД 140 азаматы Қабылдап-тарату орнына орналастырылды.