Көпірге өзінің атын жазған жасөспірім жазаланды

Көпірге өзінің атын жазған жасөспірім жазаланды

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында жасөспірімнің Тұран даңғылы бойындағы көпірде өзінің атын жазу фактісі анықталды. Жасөспірім көпірге фломастермен әлеуметтік желідегі атын жазған. Ювеналдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын зерделеу және жақын жердегі аулаларды және дүкендерді аралау барысында 15 жастағы мектеп оқушысын анықтады. Бұзақылық әрекетін жасағаны үшін заңды өкілініе қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Бұдан басқа анасының қатысуымен жасөспіріммен қайтадан құқық бұзушылық жасамауы туралы профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Полиция департаменті елорданың жалпы бейнесін бүлдіруге болмайтыны туралы ескертеді, бұзақылық әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.