Полицейлер қосалқы бөлшектерді ұрлады деп күдік келтірілген 33 жастағы елорда тұрғынын ұстады

Полицейлер қосалқы бөлшектерді ұрлады деп күдік келтірілген 33 жастағы елорда тұрғынын ұстады

Машинасынан ұрлық жасалғаны жөнінде полицияға оның иесі хабарлаған. Ер адамның айтуы бойынша белгісіз адам тәуліктің түнгі уақытында есікті ашып, жалпы құны 62 мың теңгені құрайтын магнитофонды, аспаптар панелін, аккумуляторды, сүзгіні және рөлдегі дабылды жымқырған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қосалқы бөлшектерді ұрлады деп күдік келтірілген адамды анықтап, ұстады.
Полицияға жеткізілген қаскүнем тәуліктің түнгі уақытында тұрғын үйдің ауласында болып, олар кілттерді іріктеу арқылы дабылдатпамен жабдықталмаған автокөлікке кіріп, қосалқы бөлшектерін ұрлаған.
Заттай дәлелдемелер алынды.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қырағылық танытып, құнды заттарды автокөлік салонына қалдырмауды сұрайды.
Ұрлықтың жасалуына жол бермеу үшін өз көліктеріңізді дабылдатпамен жабдықтау, сонымен қатар көліктеріңізді бейнебақылау камералар орнатылған орындарға қою қажеттігін ескертеміз.