Полицейлер азаматтарды Нұр-Сұлтан қаласында велосипед ұрлықтарының жиілеп кеткені туралы ескертеді.

Полицейлер азаматтарды Нұр-Сұлтан қаласында велосипед ұрлықтарының жиілеп кеткені туралы  ескертеді.

Велосипед ұрлықтары маусымдық қылмыстың бір түрі болып табылады. Көктем-жаз маусымы келісімен қала аумағында екі дөңгелекті көлікті ұрлау саны күрт өскені байқалады.
- Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мынадай қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін, атап айтқанда велосипедтердің рамасына маркировка және айыратын белгілер салуды, велосипедтерді кіреберістерге, дүкендердің қасына және қаланың саябақтарында қараусыз қалдырмауды, велосипедке сенімді құлыптарды салуды еске салады.
«Осы айдың бірінші онкүндігі ішінде елордада 17 велосипед ұрлығы тіркелді, статистикаға сүйенетін болсақ, қаңтар айынан бастап елорда аумағында 63 велосипед ұрлығы жасалған екен, оның ішінде полицейлер 35 ұрлықты ашты, - деп атап өтті елордалық полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Ержан Саденов.
Осы күндері полицейлер велосипед ұрлаған адамды ұстаған. Белгісіз адам күндізгі уақытта Ұлы Дала даңғылында орналасқан тұрғын үй кешенінде құны 50 мың теңге тұратын «Баттл» маркалы велосипедті ұрлаған. Ер адам қоршау арқылы үйдің ауласына кірген, сол жерде тұрған велосипедті көріп, оны ұрлап кеткен. Полицейлер қылмыс орнынан бейнежазбаны алып, осы арқылы қаскүнемді анықтаған.
Полиция қызметкерлерімен ұсталған 32 жастағы күдікті кінәсін мойындап, түсінік берді. ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар болуы анықталуда. Велосипед иесіне қайтарылды.