
Елордалық полицейлер ұрлық жасауда күдік келтірген адамды анықтады. Қаскүнем автокөліктен магнитола ұрлаған. Күдікті түнгі уақытта мас күйінде болып, Молдағұлова көшесінде кілтті іріктеу арқылы автомашинаның салонына кіріп, магнитоланы ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер 27 жастағы қала тұрғынын ұстаған.
Күдікті кінәсін мойындап, түсінік берді. Заттай дәлелдемелер алынды, қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар болуы анықталуда. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуды ескертеді. Автокөліктен шыққан кезде барлық терезелер мен есіктерді мұқият жабу керек. Салоннан ұрлаудың алдын алу үшін көлік құралын күзет дабылы жүйесімен жабдықтау, автокөліктерді күзетілетін автотұрақтардың аумағына қою қажет.