Елордалық полицейлер бірнеше рет алаяқтық жасаған адамды ұстады.

Елордалық полицейлер бірнеше рет алаяқтық жасаған адамды ұстады.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Есіл ауданы ПБ қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасауға қатысы бар 34 жастағы елорда тұрғынын ұстады.
Тергеп-тексеру барысында күдіктінің әлеуметтік желі арқылы 40 жастан бастап 50 жасқа дейінгі әйелдермен танысқаны анықталды. Алаяқ өзін «Алмас» немесе «Алмат» деген атпен банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін немесе мемлекеттік қызметшімін деп таныстырған. Ол әйелдердің сеніміне кіріп, оларға белгілі бір төлемақыға жалақысы жоғары лауазымға жұмысқа тұрғызу бойынша әртүрлі қызметтерді ұсынған.
Әйелдердің біреуі оның сөзіне сеніп, оған несиеге телефон сатып алып берген. Екінші бір әйелден ол киім тазалайтын орынға тапсырамын деп құндыз тонын алған.
Қазіргі уақытта полицейлер 8-ден астам жәбірленушіні анықтаған. Жедел-іздестіру барысында ұсталған алаяқ кінәсін мойындап түсінік берді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуды және жақсы танымайтын адамдарға сенім білдірмеуді ескертеді. Егер Сіз осы адамның заңсыз әрекетінен зардап шексеңіз, онда Полиция департаментіне 61-30-68, 71-64-90, 71-65-58, 8-775 -601 – 11 -00 телефондарына немесе 102 арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз.