
Белгілі болғаны, 51 жастағы «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен 40-шы станцияға қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде 32 жастағы жүргізуші басқарған «Shacman» жүк көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды.
Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуды және жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.