
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 19 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Тергеп-тексеру барысында күдікті туысының көлігін ұрлап айдап әкеткені анықталды.
Күдікті сағат 04.00-де үйдің ауласында тұрған «ВАЗ 2109» автомашинасына кедергісіз кіріп, сымдарын қосу арқылы оталдырып ұрлап айдап әкеткен. Осылайша, ол бір сағат бойы машинаны қалада айдап жүрген. Автомашинаның иесі көлігін ұрлап әкеткенін таңертең байқап, полицияға хабарласты. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан қырағылық танытуын, автокөліктерді күзет дабылы жүйесімен жабдықтау қажет екенін, сонымен қатар автокөліктерді күзетілетін тұрақтарға немесе бейнекамералардың объективі қамтитын жерлерге қоюды ескертеді.