
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде 38 жастағы елорда тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында күдікті танысының үйінде спирттік ішімдікті қолданғаны анықталды. Кешке қарай ер адамның үйінен кетіп бара жатып, ол «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Әйел адам жасаған іс-әрекетін мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осы секілді қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды, шала таныс адамдарға сене бермеуді, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.