Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше рет сотты болған ер адам таныс адамының жеке заттарын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше рет сотты болған ер адам таныс адамының жеке заттарын  ұрлап кеткен

«Жігер» қонақ үйінде болып, түскі уақытта танысымен спирттік ішімдік  ішкен 39 жастағы елорда тұрғыны жәбірленушінің телефонын, күртесін, джинсы шалбарын және рюкзагын ұрлап кеткен. Жәбірленушінің айтуы бойынша қонақ оның ұйықтап қалған сәтін пайдаланып,  оның жеке заттарын алып кетіп қалған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап ұстады. Ер адам ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған заттарды төмендетілген баға бойынша өткізіп жібергенін айтты.

Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытып, көп тани бермейтін адамдарға сене бермеуге және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.