
«Мас жүргізуші - қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полицейлер сағат 04:40-та Қорғалжын тасжолының бойында «ZAZ Сhance» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында көліктің рөлінде алкогольдік масаң күйде болған 27 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны отырғаны анықталған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші автокөлікті ауырлығы жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарған. Сонымен қатар ол 2020 жылдың қазан айында сот шешімімен масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.
Алайда, жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылғанына қарамастан масаң күйде көлік құралын жүргізген. Аталған факті бойынша құқық бұзушы ПД-ға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы...» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде жүргізуші 2 ай мерзімге дейін қамауға алынады.
Алдын алу іс-шараларын жүргізген 3 күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 1 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 31 жүргізуші және көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 3 автокөлік иесі ұсталған. Коммуналдық тұраққа 45 автокөлік қойылды.
Сот шешімімен көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін жүргізушілер 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.