Астана тұрғыны елордалық полицейлер келген кезде дәмханада «Қалжа той» жасап жатқан

Астана тұрғыны елордалық полицейлер келген кезде дәмханада   «Қалжа той» жасап жатқан

Отбасылық салтантты жиындарды өткізуге тыйым салу туралы Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысын елемей, қала тұрғындары ұл баланың дүниеге келу құрметіне орай қалжа тойын жасаған.

         Аталған бұзушылықты күн сайын карантин режимін бұзудың алдын алу бойынша күшейтілген режимде мониторинг топ құрамында рейдтік іс-шара өткізетін елордалық полицейлер анықтаған.

Коранавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалып жатқан бірқатар ескерту шараларына қарамастан ағымдағы жылғы 13 қарашада сағат 15.56-да «Асия» дәмханасында  отбасылық іс-шара өткен.

Мобильді топ тойдың нағыз қызған шағында үстінен түскен.  Мерекені тойлау үшін санитарлық нормаларды сақтамастан дәмханаға 40-қа жуық адам келген. Қатер  тобында бола тұра ересек жастағы әйелдер мелодиялық әуенге билеген. Мерекеде салтанатты кештің бас кейіпкері кішкене сәби де, сонымен қатар омыраудағы балалар да болған. Мерекені ұйымдастырушылар егде жастағы адамдардың және кішкене балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Тойды ұйымдасытрушылар ешкім көрмейді деген ниетпен қонақтарды қызметкерлер кіретін есіктен кіргізген.

«Асия» дәмханасының иесіне қатысты жинақталған материал Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауаптылыққа тарту үшін Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Бір тәулік ішінде  мобильді топ 217 кәсіпкерлік объектісін тексеріп, карантин режимін бұзудың 17 фактісін анықтаған.   

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мекеме иелері мен ұйымдастырушылардың  мерекені жайбарақат өткізуі инфекцияны жұқтыруға және адамдардың өміріне қауіп төндіруге әкеп соқтырады. Барлық құқық бұзушылар қоданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартылатын болады.