
«Учаске» жедел-алдын алу шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімін сату аясындағы заңнамаларды сақтауын анықтау үшін рейдтік алдын алу шараларын өткізді.
«Алматы» ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері алкоголь өнімін сатуды бұзудың 10 фактісін анықтаған. Оның ішінде 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімін сату бойынша - 4 факті және тыйым салынған уақытта сатудың 6 фактісі.
«Алматы» ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Нысантаев: «аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБК 200-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған» - деп атап өтті.
Барлық фактілер бойынша материалдар заңды процестік шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.