Нұр-Сұлтанда жылдың басынан бері 1815 жүргізуші ЖКО орнынан жасырынып кеткен

Нұр-Сұлтанда жылдың басынан бері 1815 жүргізуші ЖКО орнынан жасырынып кеткен

Ағымдағы жылғы тамыз айында сағат 17.00-де «102» пультіне елорда тұрғынынан қоңырау келіп түсекен, онда Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрақта белгісіз жүргізуші оның тұрақта тұрған «RAVON NEXIA R3» маркалы автомашинасын қағып кетіп, ЖКО орнынан жасырынып кеткені туралы хабарлаған.
Іздестіру іс-шаралары барысында Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 39 жастағы елорда тұрғынын ұстады, яғни ол 10 тамызда Тәуелсіздік даңғылындағы тұрақта «ГАЗ 2705» маркалы автомашинасын басқара отырып, артқы жағымен жылжыған кезде тұрақта тұрған «RAVON NEXIA R3» маркалы автомашинасын қағып кеткен. Сонымен қатар, тексеру кезінде ер адамның автомашинаны сақтандыру полисінсіз басқарғаны анықталды.