
Елордалық полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша күдікті «Instagram» әлеуметтік желісіне шын мәнінде ешбір қатысы болмаса да спорттық жарыстарға ақша айналдыратыны туралы хабарландыру орналастырған.
100% пайда түсетініне уәде беріп, жәбірленушілерге электрондық әмиянға 15 мың теңге аударуды ұсынған. Ақшаны алғаннан кейін жәбірленушілердің нөмірлерін бұғаттап тастаған. Оның әрекетінен 15 азамат зардап шеккені анықталды. Жалпы шығын 450 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.