Ауруханада жатқан пациент ұялы телефон ұрлаған

Ауруханада жатқан  пациент ұялы телефон ұрлаған

Елорданың 30 жасар тұрғыны ауруханада стационарлық емделіп жүрген кезде палатада қасында жатқан адамның 80 мың теңге тұратын Самсунг А5 маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап алған,  сөйтіп медициналық мекемеден кетіп қалған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында  күдіктіні ұстаған. Заттай дәлелдеме -ұялы телефон тәркіленген және иесіне қайтарылған. 

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Құрметті елорда қонақтары мен  тұрғындары!   Сіздерді сақ болуға шақырамыз. Жеке мүлік ұрлығы ең көп тараған қылмыстардың бірі болып табылады. Азаматтардың жеке мүліктерін сақтауға немқұрайлы қарауы осындай қылмыстардың жасалуына әкеп соқтырады. Жеке заттарыңызды (сөмке, ұялы телефон, киім т.б) қараусыз қалдырмаңыздар. Қымбат киім мен ірі ақша қаражатының бар екенін көрсетпеуге тырысыңыздар.