
Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері құрылыс құрал-жабдықтарын ұрлағаны үшін 25 жастағы жас жігітті ұстады. Ол елордалық спорт кешендерінің бірінде болған кезде, бөгде адамдардың болмағанын пайдаланып, контейнерден жалпы сомасы 216 мың теңге тұратын 2 шуруповерт пен 3 перфораторды ұрлап кеткен.
Күдікті ұсталды, оның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар екені анықталуда.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды.